18.11.2025 08:42
Беньямин Шешко бір айға қатардан шықты
18.11.2025 08:42
«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Беньямин Шешко жарақат алды

22 жастағы ойыншы «Тоттенхэмге» (2:2) қарсы матчта тізесін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты кемі төрт апта командасына көмектесе алмайтын болды.
Бұл оның мансабындағы төртінші жарақаты. Бұған дейін 72 күні емделуге кетіп, 14 матчтан тыс қалған.
Айта кетейік, Шешко осы маусымда 12 ойында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.