11.11.2025 08:45

Беньямин Шешко қатардан шықты

11.11.2025 08:45

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Беньямин Шешко жарақат алды

22 жастағы ойыншы «Тоттенхэмге» (2:2) қарсы матчта тізесін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты Словения құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды.

Словения осы айда 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында екі матч өткізеді. Алдымен 16 қарашада Косовомен кездессе, араға үш күн салып, Швециямен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, Шешко осы маусымда 12 ойында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram