10.11.2025 22:48

ПСЖ Осимхен үшін шындап кірісті

10.11.2025 22:48

ПСЖ Виктор Осимхенге 150 миллион еуро ұсынуға дайын

SPORT басылымының хабарлауынша, Париждің «ПСЖ» клубы «Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхенді өз сапына қосу үшін 150 миллион еуро төлеуге әзір.

Бұған дейін футболшыны «Барселона» қатарына қосуы мүмкін деген ақпараттар тараған, алайда бұл деректер расталмады.

26 жастағы шабуылшы «Галатасарай» сапында 52 матчта 46 гол соғып, команданың басты көшбасшыларының біріне айналды.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram