10.11.2025 22:42

«Милан» жаңа шабуылшы қарастыруда

10.11.2025 22:42

«Милан» Никлас Фюллькругке көз тікті

Италияның басылымы Tuttomercatoweb хабарлауынша, «Милан» қаңтар айындағы трансфер терезесінде «Вест Хэм» шабуылшысы Никлас Фюллькругті қатарға қосуды көздеп отыр.

Клуб шабуылшыны уақытша жалға беру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл шешімнің басты себебі - 32 жастағы ойыншының Англияда өз ойынын толық көрсете алмауы.

Фюллькругтің агенті де оның Дортмундтан «Вест Хэмге» ауысуы күткендей нәтиже бермегенін растады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram