10.11.2025 18:26
Галлахер Англияға оралуы мүмкін
10.11.2025 18:26
«Манчестер Юнайтед» қыста жаңа жартылай қорғаушы алуды көздеп отыр

BILD басылымының хабарлауынша, «Манчестер Юнайтед» қаңтар айындағы трансфер терезесінде орталық жартылай қорғаушыны қатарға қосуды жоспарлап отыр. Команданың негізгі нысанасы - «Атлетико» сапында ойнайтын Конор Галлахер.
Ағылшын жартылай қорғаушысы «қызыл сойқандардың» трансферлік тізімінде бірінші орында тұр. Себебі, ойыншыны маусым соңына дейін жалға алу мүмкіндігі бар деп хабарланады.
Галлахер «Атлетикоға» 2023 жылы «Челси» сапынан ауысып келген еді.