10.11.2025 17:14

Федерико Вальверде қатардан шықты

10.11.2025 17:14

«Реал» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде жарақат алды

27 жастағы ойыншы «Райо Вальеканоға» қарсы матчта (0:0) оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты Уругвай құрамасының алдағы матчтарына қатыспайтын болды. Ал қатарға халықаралық үзілістен кейін оралуы керек.

Бұл Феденің мансабындағы 15-жарақаты болды. Осыған дейін 241 күні емделуге кетіп, 47 матчтан тыс қалған.

Вальверде осы маусымда 15 ойында төбе көрсетіп, төрт нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram