10.11.2025 16:17
Морган Роджерс «Астон Виллада» қалады
10.11.2025 16:17
Морган Роджерс «Астон Виллада» қалатын болды

Қос тарап келісімшартты 2031 жылдың маусым айына дейін ұзартты. Сондай-ақ 23 жастағы ойыншының жалақысы да айтарлықтай өседі екен.
Ағылшын жартылай қорғаушысы Бирмингем клубының намысын 2024 жылдың ақпан айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта 86 ойында 18 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.
Ал осы маусымда 16 матчқа қатысып, бір гол мен үш нәтижелі пастың авторы атанды.
Айта кетейік, осыған дейін Морганға «Арсенал» мен «Тоттенхэм» қызығушылық танытты деген қауесет тараған еді.