10.11.2025 14:56

Бундеслиганың клубы бапкерсіз қалды

10.11.2025 14:56

«Вольфсбург» бас бапкер Паул Симонисті қызметінен босатты

40 жастағы Нидерланд маманы мен оның штабы мезгілінен бұрын жұмысынан қуылды.

Енді «қасқырларды» осыған дейін жасөспірімдерді баптаған Даниэль Бауер уақытша тізгіндейді.

Симонис «жасыл-ақтарды» шілде айынан бері жаттықтырып келген еді. Осы аралықта команда үш рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең түссе, жеті матчта қарсыласына жол берді.

10 ойыннан кейін небәрі сегіз ұпай жинаған «Вольфсбург» Германия Бундеслигасында 14-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram