10.11.2025 16:52
Месси «Камп Ноуға» оралды
10.11.2025 16:52
«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси әлеуметтік желісінде «Барселонаның» су жаңа стадионы «Камп Ноуға» барғанын айтты

– «Кеше кешке мен қатты сағынған жеріме оралдым. Ғұмырымның ең бақытты шағы осы стадионда өтті. «Камп Ноуда» өзімді мыңдаған рет әлемдегі ең бақытты адам ретінде сезіндім. Бұл аренаға әлі ораламын деген үміттемін. Әрине, тек қоштасу үшін ғана емес,– деді Месси.
Айта кетейік, Месси «Барселона» намысын 2000-2021 жылдары қорғаған еді. Осы аралықта негізгі команда сапында 778 матчта 672 гол соғып, 303 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ командамен жалпы 35 трофей жеңіп алды.