10.11.2025 17:42

Контенің болашағы бұлыңғыр

10.11.2025 17:42

Антонио Конте «Наполиден» кетуі мүмкін

Білікті маман Антонио Контенің «Наполидегі» болашағы бұлыңғыр болып тұр. Бүгінгі мәліметтерге сәйкес, жақын сағаттарда бапкер мен клуб басшылығы арасында жеке кездесу өтеді.

Кездесуде қос тарап бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын, команданың қазіргі дағдарыс жағдайын және дағдарыстан шығу жолдарын егжей-тегжейлі талқылайды.

Конте «Наполиді» маусым басынан бері жаттықтырып келеді. Дегенмен соңғы ойындардағы сәтсіздіктер осындай жағдайға алып келді.

«Наполи» турнирлік кестеде 22 ұпаймен 4-орында келеді. Соңғы ойында «Болоньядан» 2:0 есебімен жеңілген еді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram