10.11.2025 22:00
«Аталанта» бапкерсіз қалды
10.11.2025 22:00
«Аталанта» бас бапкер Иван Юричті қызметінен босатты

50 жастағы маман мезгілінен бұрын штабымен бірге жұмысынан қуылды.
Юрич Бергамоның клубын өткен жазда тізгіндеген еді. Осы аралықта команда төрт рет жеңіске жетіп, сегіз мәрте тең ойнап, үш матчта қарсыласына жол берді.
Фабрицио Романоның хабарлауынша, енді клубты «Фиорентинаның» бұрынғы тәлімгері Раффаэле Палладино қолға алады.
Айта кетейік, 11 ойыннан кейін 13 ұпай жинаған «Аталанта» Италия чемпионатында 13-орында келеді. Кеше команда өз алаңында «Сассуолоға» 0:3 есебімен жеңіліп қалды.