10.11.2025 19:43
Тибо Куртуа Қазақстанға келмейді
10.11.2025 19:43
«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа жарақат алды

33 жастағы ойыншы «Райо Вальеканоға» (0:0) қарсы ойында оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты Бельгия құрамасының алдағы матчтарынан шет қалатын болды. Тибо кемі екі апта алаңға шыға алмайды деп күтілуде.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында 15 қараша күні Бельгияны қабылдайды. Қарсылас құрамында Куртуадан бөлек бұл кездесуге Ромелу Лукаку мен Кевин де Брюйне де қатыса алмайды.