11.11.2025 06:44

«Челси» ойыншысы жарақат алды

11.11.2025 06:44

«Челси» жартылай қорғаушысы Ромео Лавия жарақат алды

21 жастағы ойыншы Чемпиондар лигасындағы «Қарабахқа» (2:2) қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты кемі бір ай уақыт командасына көмектесе алмайды. Ал нақты қашан оралатыны медициналық тексерістен кейін белгілі болады.

Бұл оның мансабындағы 12-жарақаты болды. Осыған дейін 575 күні емделуге кетіп, 89 матчтан тыс қалған.

Лавия осы маусымда жеті матчқа қатысып, нәтижелі әрекет жасай алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram