31.12.2025 02:35

«Челси» «Борнмутты» жеңе алмады

31.12.2025 02:35

Ағылшын Премьер-лигасының 19-туры аясында «Челси» өз алаңында «Борнмутпен» тең тарқасты

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері сапында Коул Палмер (пенальтиден) мен Энцо Фернандес гол соқты. Ал «Борнмуттың» құрамында Девид Брукс пен Джастин Клюйверт ерекшеленді.

Осылайша 30-ұпайын еншілеген Лондонның клубы турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Энцо Маресканың шәкірттері келесі турда 4 қаңтар күні «Манчестер Ситиге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram