31.12.2025 01:10

Роналду 957-голын соқты

31.12.2025 01:10

Саудия Про-лигасының 12-туры аясында «Әл-Наср» сырт алаңда «Әл-Иттифакпен» тең тарқасты

Даммам қаласында өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Матч барысында «Әл-Наср» дүлдүлі Криштиану Роналду мансабындағы 957-голын соқты. Сондай-ақ Жоау Феликс мергендік танытты. Ал алаң иелерінің сапында Джорджиньо Вейналдум дубль жасады.

Осылайша «Әл-Наср» чемпионаттың осы маусымында алғаш рет жеңіске жете алмады. Роналду бастаған ұжым турнир кестесінде 31 ұпаймен көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram