30.12.2025 22:43

Доргу АПЛ-дың үздік ойыншысы атанды

30.12.2025 22:43

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Патрик Доргу Ағылшын Премьер-лигасының 18-турдағы үздік ойыншысы атанды

«Ньюкаслға» (1:0) қарсы ойында жеңіс голын соққан ол дауыс беру нәтижесінде Райан Шерки («Манчестер Сити»), Мартин Дубравка («Бернли»), Кевин Шаде («Брентфорд»), Олли Уоткинс («Астон Вилла») және Флориан Вирцті («Ливерпуль») шаң қаптырды.

Осылайша осы маусымда бесінші рет бұл жүлде «Манчестер Юнайтед» ойыншысына бұйырды. Бұған дейін 8-турда Харри Магуайр, 9-турда Брайан Мбемо, 13 және 15-турда Бруну Фернандеш топ жарған еді.

Доргу осы маусымда 18 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram