07.06.2026 12:15
Доку «Манчестер Ситиде» қалады
07.06.2026 12:15
Жереми Доку «Манчестер Ситиде» әлі біраз ойнайды

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Оған сәйкес Докудың жалақысы біршама артады екен.
24 жастағы бельгиялық вингер осы маусымда 47 матчта сегіз гол соғып, 14 нәтижелі пас берді және биыл Әлем чемпионатына барады.