01.11.2025 19:20

Эль-класико кезіндегі қаза

01.11.2025 19:20

Эль-Класико кезінде «Реал» жанкүйері көз жұмды

Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен Эль Класико матчында қайғылы жағдай орын алды. «Реалдың» 50 жастағы жанкүйері Игал Бродкин ойын барысында өзін жайсыз сезініп, жүрегі тоқтап қалған.

Оқиға екінші тайм басында Килиан Мбаппе пенальти соққысын мүлт жібергеннен кейін болған. Куәгерлердің айтуынша, трибунада отырған көрермен бірден есінен танып қалған.

Ойыншылар мен жанкүйерлер төрешіден ойынды тоқтатуды сұрағанымен, матч жалғасқан. Дәрігерлер ер адамға алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізген. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram