01.11.2025 19:07

Ямаль дұрысынан кірісті

01.11.2025 19:07

Ямаль қайтадан бабына оралу үшін барын салуда

«Барселона» командасының жас ойыншысы Ламин Ямаль жеке дайындық бағдарламасымен жұмыс істеп жүр. Футболшы соңғы апталардағы сәтсіздіктен кейін, бапкерлер штабы оған жеке жүктемелер мен қалпына келтіру жаттығуларының арнайы жоспарын ұсынған.

Клуб мамандары Ямальдың физикалық және психологиялық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлуде. «Барса» сапында маусымды сәтті бастаған жас шабуылшы соңғы матчтарда өзін толыққанды көрсете алмай жүр.

Жанкүйерлер жас дарынның алдағы апталарда қайтадан алаңға шығып, бұрынғы сенімді ойынын көрсетуін асыға күтуде.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram