01.11.2025 18:11

Роналдудың ұлы ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты

01.11.2025 18:11

Түркияда 16 жасқа дейінгі футболшылар арасында өтіп жатқан Федерация кубогында Португалия Уэльсті 3:0 есебімен жеңді

Бұл матчта Криштиану Роналдудың ұлы 43-минутта есеп ашты. Осылайша Ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты.

15 жастағы «Әл-Наср» вингері Португалия U16 командасындағы алғашқы матчын осы аптада Түркияға (2:0) қарсы өткізген еді. Бірақ, дебют ойынында қанжығасын майлай алмады. Ал бұған дейін U15-те төрт кездесу өткізіп, екі рет мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, Португалия турнирдегі келесі матчында 3 қараша күні Англияға қарсы ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram