28.12.2025 13:58
Энцо Мареска «Челсиден» кетеді
28.12.2025 13:58
«Челси» бас бапкері Энцо Мареска қызметінен кетеді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 30 тамыз күні болатын «Борнмутқа» қарсы матч 45 жастағы италиялық маман үшін клубтағы соңғы ойыны болуы мүмкін.
Ал оның орнын басуға Хаби Алонсо басты үміткер болып тұр. Лондонның клубы «Реал» тәлімгеріне ұсыныс жасауға ниетті екен. Ауысым осы қыста болуы бек мүмкін.
Айта кетейік, «Челси» кеше АПЛ аясында «Астон Виллаға» (1:2) есе жіберген еді. 18 турдан кейін 29 ұпай жинаған «ақсүйектер» турнир кестесінде бесінші орында тұр.