29.12.2025 16:42
Филипе Луис «Фламенгода» қалды
29.12.2025 16:42
«Фламенго» бас бапкері Филипе Луиспен келісімшартын ұзартты

Қос тарап 2027 жылдың соңына дейін жарамды келісімге қол қойды.
40 жастағы маман Бразилияның клубын 2024 жылдың 30 қыркүйегінде тізгендеген еді. Осы аралықта команда 57 рет жеңіске жетіп, 20 мәрте тең түссе, 11 матчта қарсыласына жол берді. Сондай-ақ командамен бірге бес трофей жеңіп алды.
Айта кетейік, Филипе футболшы ретінде «Челси», «Атлетико», «Фламенго» және Бразилия құрамасының намысын қорғаған. Ол кәсіби мансабын 2024 жылдың басында аяқтап кетті.