29.12.2025 16:29
Йылдыз «Ювентуспен» келісімшартты ұзартады
29.12.2025 16:29
Кенан Йылдыз «Ювентусте» қалатын секілді

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 не 2031 жылға дейін ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Жаңа құжатқа сәйкес, оның жылдық жалақысы алты миллион еуроны құрайды екен.
Соңғы айларда Кенанға көз тігіп, Турин клубымен байланысқа шыққан командалар көп болыпты. Алайда «бьянконери» басты жұлдызынан айырылып қалғысы келмейді.
20 жастағы Түркия вингері осы маусымда 23 матчта жеті гол соғып, алты нәтижелі пас берді.