27.10.2025 15:00

«Фиорентина» тарихындағы ең нашар көрсеткішті қайталады

27.10.2025 15:00

«Фиорентина» Италия А Сериясында әлі жеңіске жеткен жоқ

Өткен жазда Стефано Пиоли тізгіндеген клуб маусымның бастапқы сегіз ойынында төрт рет жеңіліп, төрт мәрте тең ойнады.

Осылайша Флоренцияның ұжымы 48 жыл бұрынғы антирекордын қайталады. «Күлгіндер» 1977/78 жылғы маусымда алғашқы жеңісін тек 9-турда тойлаған еді. Ол кезде бас бапкер Карло Маццоне болған.

Егер команда екі күннен кейін «Интерге» жеңілсе бұл антирекорд жаңарады.

Сегіз ойыннан кейін төрт ұпай жинаған «Фиорентина» турнир кестесінде 18-ші келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram