07.02.2026 13:28
Горецка АПЛ-ге ауысқысы келеді
07.02.2026 13:28
«Бавария» жартылай қорғаушысы Леон Горецка мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Calciomercato хабарлауынша, осы жазда «Бавариядан» кететінін мәлімдеген футболшы АПЛ клубына ауысқысы келеді.
Бүгінде оған «Арсенал», «Тоттенхэм» және «Атлетико» қызығушылық танытып отыр екен.
30 жастағы неміс ойыншысы осы маусымда 28 матчқа қатысып, бір гол соқты.