26.02.2026 12:17
Гризманн жақында «Атлетикодан» кетеді
26.02.2026 12:17
«Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн клуб ауыстыруға жақын

El Larguero хабарлауынша, 34 жастағы француз 7 наурыз күні «Реал Сосьедадқа» қарсы өтетін «Метропалитанодағы» матчта жергілікті жанкүйерлермен қош айтысады. Содан кейін ол MLS-тың «Орландо Сити» клубымен үш жылға жарамды келісімшартқа қол қояды екен.
Гризманн — 210 голымен Мадрид клубының тарихындағы үздік сұрмерген. Ол осы маусымда 35 матчта 12 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.