14.06.2026 21:18
Гвардиол «Манчестер Ситиде» қалады
14.06.2026 21:18
«Манчестер Сити» қорғаушысы Йошко Гвардиол клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Клуб пен Йошко келісімге келіпті, енді тек құжат мәселесі ғана қалды. Осылайша Гвардиолды алу үшін бірнеше апта бойы күш салған «Реал» сан соғып қалды.
Гвардиол «қалалықтар» сапына 2023 жылы «Лейпцигтен» 90 миллион еуроға ауысып келген еді. 24 жастағы хорватиялық ойыншы биылғы маусымда 25 матчта екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына қатысады.