14.06.2026 21:03
Кукурелья «Реал» ойыншысы атанады
14.06.2026 21:03
«Челси» қорғаушы Марк Кукурелья мансабын «Реалда» жалғайды

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап ауызша сөз байласып қойыпты. Кукурелья дәл Жозе Моуринью қалаған ойыншы екен. Енді ол Әлем чемпионатынан кейін Мадридтің клубына қосылады.
«Көктер» Маркті 2022 жылы «Брайтоннан» 65,3 миллион еуроға сатып алған еді. 27 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 50 матчта бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына қатысады.