12.04.2026 11:48

Ямаль рекорд жаңартты

12.04.2026 11:48

«Барселона» вингері Ламин Ямаль рекорд орнатты

Ол Ла Лиганың 31-турындағы «Эспаньолға» (4:1) қарсы кездесуде бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Осылайша Ламин Испания біріншілігінде 100 матч өткізген ең жас ойыншы атанып, 18 жас 272 күнінде Раульдің (19 жас 284 күн) рекордын жаңартты.

Испаниялық ойыншы осы 100 ойында 29 гол соғып, 32 нәтижелі пас берген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram