18.06.2026 21:58
Исмаэль Сайбари «Баварияға» ауысуға жақын
18.06.2026 21:58
Исмаэль Сайбари «Бавария» ойыншысы атануға жақын

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, Сайбари Нью-Джерсидегі Марокко құрамасының лагерінде медициналық тексерістен өтті. Енді жақында 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Мюнхеннің клубы оны шамамен 52-55 миллион еуроға сатып алды.
25 жастағы марокколық жартылай қорғаушы биылғы маусымда 37 матчта 19 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатында Бразилия қақпасының торын тулатты.