18.06.2026 20:09
Сержи Роберто клубсыз қалды
18.06.2026 20:09
Сержи Роберто «Комодан» кетті

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды.
Осылайша 34 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы еркін агент атанды.
Роберто «лариани» сапына 2024 жылы «Барселонадан» ауысып келген еді. Ол биыл аяқталған маусымда 24 матчқа қатысып, бір гол соқты.