18.06.2026 19:51
«Реал» Олисе үшін 220 миллион еуро ұсынуға дайын
18.06.2026 19:51
«Бавария» вингері Майкл Олисе «Реалға» ауысуы мүмкін

Marca хабарлауынша, Мадридтің клубы 24 жастағы француз вингері үшін 200 миллион еуродан жоғары ұсыныс жасауға дайын. Егер мұны «Бавария» қабылдамаса сома тағы да көтеріледі, алайда 220 миллионнан аспайды екен.
Олисе «Баварияға» 2024 жылдың шілдесінде «Кристал Пэластан» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол биыл аяқталған маусымда 52 матчта 22 гол соғып, 31 нәтижелі пас берді.