08.12.2025 16:44
«Ювентус» алғаш рет жеңілді
08.12.2025 16:44
«Ювентус» Спаллеттидің басшылығымен алғаш рет жеңілді

«Ювентус» сырт алаңда «Наполиден» Серия А-ның 14-турында 1:2 есебімен ұтылды. Хойлунд қос гол соқса, қонақтар құрамынан Йылдыз жұбаныш голын тоғытты.
Бұл қазан айының соңында команданың тізгінін ұстаған Лучано Спаллеттидің басшылығымен команданың алғашқы жеңілісі.
Оған дейін 66 жастағы маманның жетекшілігімен «Ювентус» 4 рет жеңіп, 3 рет тең түскен еді.