08.12.2025 16:37
«Реал» ойыншысы төрешіге ауыр айтыпты
08.12.2025 16:37
Каррерас бірнеше ойынға қатыспайды

Tiempo de Juego мәліметінше, «Реалдың» қорғаушысы Альваро Каррерас Ла Лигадағы 15-турда «Сельтаға» (0:2) қарсы өткен матчта бас төрешіге айтқан сөзінен кейін қызыл қағаз алған еді.
Ақпарат көзі хабарлағандай, 22 жастағы ойыншы төреші Алехандро Кинтероға: «сен өте нашарсың» деп айтқан.
Енді оған төрешіге құрметсіздік көрсеткені үшін 2 матчқа қатыспауы мүмкін.