08.12.2025 14:33
«Ман Юнайтед» ойыншысы мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін
08.12.2025 14:33
«Манчестер Юнайтед» тұтқауылы Мануэль Угарте ат басын Түркияға бұруы мүмкін

Эрол Эвсеннің хабарлауынша, 24 жастағы Уругвай жартылай қорғаушысын «Галатасарай» жіті бақылап отыр. Ыстамбұлдың клубы 24 жастағы ойыншыны сатып алу құқығымен жалға алғысы келеді. Сондай-ақ бас бапкер Рубен Аморим оның ойынына риза емес екен.
Угарте осы маусымда 11 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.