08.12.2025 11:01

Виллиот Сведберг Луис Суарестің нәтижесін қайталады

08.12.2025 11:01

Ла Лиганың 15-турында «Сельта» сырт алаңда «Реалды» тізе бүктірді

«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесуде 2:0 есебі тіркеліп, қос голды да Виллиот Сведберг соқты.

Осылайша ол 2018 жылдан бері Ла Лига аясында «Реал» қақпасына үш матч қатарынан гол соққан алғашқы легионер ойыншы атанды. Бұған дейін бұл көрсеткішті «Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы Луис Суарес тіркеген еді.

Айта кетсек, Сведберг осы маусымда 11 ойынға қатысып, үш гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram