08.12.2025 11:21
«Манчестер Сити» ойыншысы қатардан шықты
08.12.2025 11:21
«Манчестер Сити» қорғаушысы Джон Стоунз қатардан шығып қалды

Бұл туралы команданың бас бапкері Пеп Гвардиола баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
– «Стоунз тағы жарақат алды. Оның қашан оралатыны әзірге белгісіз»,– деді 54 жастағы испан маманы.
Бұл Стоунздың мансабындағы 22-жарақаты болды. Осыған дейін 620 күні емделуге кетіп, 143 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 13 ойынға қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.
Айта кетейік, «Манчестер Сити» 10 желтоқсан күні Чемпиондар лигасының 6-туры аясында «Реалға» қонаққа барады.