08.12.2025 16:19

Клопп немесе Зидан «Реал» тізгінін ұстауы мүмкін

08.12.2025 16:19

«Реал» жақында бас бапкер Хаби Алонсоны қызметінен босатуы мүмкін

El Mundo хабарлауынша, испан маманының Мадрид клубындағы тағдыры 10 желтоқсан күні Чемпиондар лигасының 6-туры аясында өтетін «Манчестер Ситиге» қарсы ойында шешіледі. Жеңіліп қалған жағдайда Алонсо жұмыссыз қалуы бек мүмкін.

Ал оның орнын басуға Юрген Клопп пен Зинедин Зидан басты үміткер болып тұр.

Айта кетсек, «Реал» соңғы жеті ойында небәрі екі рет жеңіске жетті.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram