27.02.2026 11:06

«Ювентус» ойыншысымен келісімшартты ұзартпақ

27.02.2026 11:06

Мануэль Локателли «Ювентусте» әлі біраз ойнайды

Николо Скираның хабарлауынша, Туриннің клубы 28 жастағы италиялық жартылай қорғаушымен келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Ал қазіргісі 2028 жылдың жазында күшін жояды.

Локателли «бьянконери» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 36 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram