20.06.2026 16:18
«Ювентус» Влаховичқа келісімшарт ұсынды
20.06.2026 16:18
«Ювентус» Душан Влаховичке соңғы рет ұсыныс жасады

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, Туриннің клубы бұл жолы Влаховичке 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшарт ұсынды. Оған сәйкес жалақысы бонустармен қоса есептегенде сегіз миллион еуроны құрайды екен. Душан бұған келіспесе, «Ювентус» онымен қоштасуға дайын.
26 жастағы серб форвардына қазір «Бешикташ», «Барселона», «Галатасарай», «Бавария» және «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытуда.