17.04.2026 09:27
Камавинга жанкүйерлерден кешірім сұрады
17.04.2026 09:27
«Реал» жартылай қорғаушысы Эдуарду Камавинга Чемпиондар лигасы ширек финалындағы «Баварияға» (4:3) қарсы матчтан кейін мәлімдеме жасады

«Кінәм үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. Команданың және жанкүйерлердің алдында кешірім сұрағым келеді. Қолдауларыңызға рақмет»,– деді Эдуарду.
Камавинга ойынға 61-минутта тыңнан қосылған еді. Сөйтіп 78 және 86-минутта сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Одан кейін «бланкос» қақпасына екі гол өткізіп алды. Нәтижесінде Мадридтің клубы қос матчтың қорытындысы бойынша 4:6 есебімен жеңіліс тапты.
23 жастағы француз ойыншысы осы маусымда 37 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.