21.10.2026 15:11

Киммих «Арсеналға» қарсы ойнамайды

21.10.2026 15:11

«Бавария» жартылай қорғаушысы Йозуа Киммихтің әкесі Йозуа Бертольд 57 жасында дүние салды

Осыған байланысты Мюнхеннің клубы 31 жастағы германиялық жартылай қорғаушыға демалыс берді. Сондықтан Киммих Чемпиондар лигасы аясындағы «Арсеналға» қарсы ойынға қатыспайды.

Кездесу бүгін «Альянц Аренада» өтіп, 00:00-де басталады. Оны Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Киммих «Бавария» намысын 2015 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда он матчқа қатысып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram