18.10.2025 09:42
Клубтар Ла Лигаға қарсы шықты
18.10.2025 09:42
«Реал Овьедо» – «Эспаньол» матчында (0:2) ойыншылар төрешінің бастапқы ысқырығынан кейін 20 секунд қозғалмай тұрды.
Осылайша олар Ла Лига ойындарын («Вильярреал» – «Барселона») Майамиде өткізуге қарсы екендерін білдірді.
Бірақ Ла Лига бұл сәтті трансляцияға шығармай, бірден стадион көрсетіп кеткен.
Енді бұл наразылықты басқа ойындардан да көруіміз әбден мүмкін. Өйткені барлық клуб өзара келісімге келіп қойған.