17.10.2025 10:21
Ли Кан Ин Азияның ең үздік футболшысы атанды
17.10.2025 10:21
Оңтүстік Корея өкілі Ли Кан Ин Азия бойынша 2025 жылдың үздік ойыншысы атанды

ПСЖ футболшысы жүлдеге таласта «Олимпиакоста» ойнайтын ирандық Мехди Тареми мен «Реал Сосьедад» намысын қорғайтын жапониялық Такефуса Кубоны шаң қаптырды.
Ли Кан Ин өткен маусымда 49 ойында жеті гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Париж клубымен бірге Франция чемпионаты мен Суперкубогын жеңіп, Чемпиондар лигасында топ жарды.