21.10.2026 23:40
«Комо» «Манчестер Юнайтедті» тас-талқан етті
21.10.2026 23:40
Чемпиондар лигасының үшінші турында «Комо» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» тізе бүктірді

«Джузеппе Синигалья» стадионында өткен кездесуде 4:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Нико Пас дубль жасаса, Анастасиос Дувикас пен Рамон Хакобо бір мәрте мергендік танытты. Ойынның соңғы минутында «қызыл сойқандардың» жұбаныш голын Джошуа Зиркзее соқты.
Осылайша «лариани» алтыншы ұпайын олжалады. Ал манкуниандықтардың еншісінде үш ұпай бар.
Келесі турда Сеск Фабрегастың шәкірттері «Лансқа» қонаққа барса, Майкл Кэрриктің жігіттері «Романы» қабылдайды.