01.12.2025 19:57
Ла Лиганың қарашадағы үздік бапкері белгілі болды
01.12.2025 19:57
«Вильярреал» тәлімгері Марселино Ла Лиганың қарашадағы үздік бапкері атанды

60 жастағы испан маманы дауыс беру нәтижесінде Ханси Флик («Барселона») мен Диего Симеонені («Атлетико») артта қалдырды.
Марселино тізгіндейтін «сары сүңгуір қайық» өткен айда «Эспаньол» (0:2), «Реал Сосьедад» (2:3), «Райо Вальекано» (3:0) және «Мальоркадан» (2:1) басым түсті.
Осыған дейін бұл аталым бойынша тамызда Хаби Алонсо («Реал»), қыркүйекте Эдер Сарабия («Эльче»), ал қазанда Иньиго Перес («Райо Вальекано») топ жарған еді.
14 турдан кейін 32 ұпай жинаған «Вильярреал» турнир кестесінде үшінші орында келеді.