07.06.2026 13:05
Леау Әлем чемпионатында ойнамауы мүмкін
07.06.2026 13:05
«Миланда» ойнайтын Португалия құрамасының вингері Рафаэль Леау Әлем чемпионатының матчтарына қатыспауы мүмкін

26 жастағы ойыншы Чилиге қарсы жолдастық кездесуде (2:1) Иван Моралеспен қақтығысып, бетінен ұрып жіберген еді. Нәтижесінде қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Осыған байланысты Леау 10 маусымға жоспарланған Нигерияға қарсы жолдастық кездесуге қатыспайды. Тіпті тым өрескел ереже бұзғаны үшін Әлем чемпионатының бастапқы ойындарынан тыс қалуы мүмкін. Оны FIFA-ның тәртіп комитеті шешеді.
Португалия жаһан додасында К тобында Конго ДР (17 маусым), Өзбекстан (23 маусым) және Колумбиямен (28 маусым) ойнайды.