26.12.2025 15:07

«Лейпциг» вингері топ-клубқа ауысуы мүмкін

26.12.2025 15:07

«Лейпциг» вингері Ян Диоманде клуб ауыстыруы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, жақында оны «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэмнің» скауттары стадионнан бақылапты.

Одан бөлек 19 жастағы Кот-д'Ивуар ойыншысын «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Челси» және тағы бірқатар клуб қызығушылық танытып отыр екен. Ал Флориан Плеттенбергтің айтуынша, «Лейпциг» жұлдызын 100 миллион еуроға бағалайды.

Диоманде осы маусымда 16 матчта жеті гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram