22.11.2025 21:53
«Ливерпуль» ойсырай жеңілді
22.11.2025 21:53
Ағылшын Премьер лигасының 12-турында «Ливерпуль» ірі жеңіліске ұшырады

«Энфилд» стадионында өткен кездесуде Мерсисайдтың клубы «Ноттингем Форестке» 0:3 есебімен жол берді. «Орманшылардың» сапында Мурилло, Николо Савона және Морган Гиббс-Уайт гол соқты.
Осылайша еншісінде небәрі 18 ғана ұпайы бар қазіргі Англия чемпиондары турнир кестесінде 11-сатыға төмендеп кетті.
Арне Слоттың шәкірттері келесі турда 30 қараша күні «Вест Хэмге» қонаққа барады. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында ПСВ-ны қабылдайды.