12.04.2026 12:25

«Ливерпуль» ойыншысы Нгумоа рекорд орнатты

12.04.2026 12:25

«Ливерпуль» вингері Рио Нгумоа рекорд орнатты

Англиялық ойыншы «Фулхэмге» (2:0) қарсы матчтың 36-минутында қақпа торын тулатты. Осылайша ол АПЛ аясында «Энфилд» стадионында гол соққан ең жас ойыншы атанды.

Рио 17 жас 225 күнінде Рахим Стерлингтің (17 жас 317 күн) рекордын жаңартты. Стерлинг 2012 жылдың қазанында «Редингке» гол соққан еді.

Нгумоа осы маусымда 23 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram